Әлеумет

Теміртау: Су емес суатынан цемент аққан

Теміртаудағы су қоймасы зиянды қалдықтармен ластануда.Еліміздегі ірі өндіріс ошағы орналасқан Теміртаудыңэкологиялық жағдайы жыл сайын ушығып бара жатыр.

Jasalash.kz

Теміртау  қаласындағы су қоймасының жағасына цементкеұқсас қоймалжың қалқып шықты. Бұл жағдай қала тұрғыны белсенді қоғам өкіліСтанислав Войцеховскийдің әлеуметтік желіге салған бейнежазбада анық көрінеді.

Судың түсі сұрқара түске боялған. Айта кететін бір жайт, бұл өзен Теміртаулықтардың жаздашомылып демалатын жалғыз орны көрінеді. Қыс бойы қала тұрғындары қара қарданкөз ашқан жоқ. Енді қала іргесіндегі өзеннің қара май құйып жібергендейжағдайға түсуі жұрттың жағасын ұстатуда.

«Бұл жерде «АрселорМиттал Теміртаудың» қатысы болуы мүмкін, олар бізді таң қалдыруын қояр емес, өзенгебіреулер бірнеше қап цемент немесе басқа құрылыс қалдықтарын әкеліп төгіптастаған тәрізді. Менің тіпті айтарға сөзім жоқ. Жедел түрде арнайы органдармұны тексеруі қажет», — деп түсіндіреді Станислав Войцеховский өзі түсіргенбейне жазбада.

Қоғам белсендісіластанған су қоймасын 10-сәуірде түсіріп алған.

Қарағанды облысыЭкология департаментінің «Жас Алаш» сайтына берген сұхбатында шенеуніктер 11-сәуірдеаталмыш су тоғанынан зерттеуге сынама алынғанын мәлімдеді.

«Экологиядепартаментінің мамандары оқиға орнына барып «Арселор Миттал Теміртау» компаниясынатиесілі жасанды су тоғанынан судан және топырақтан сынама алды. Департаментмәселені анықтау мақсатында  «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жоспардан тыс тексеру өткізуді тіркеу шараларынқолға алуда», — деп мәлімдеді Экология департаментінің  мемлекеттік экологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі Айман Құлатаева.

Шенеуніктердің мәліметінше ластанған су тоғанына жасалатын сынаманың қорытындысы он күннен кейін шығатын көрінеді.

www.youtube.com/watch?v=DLteczGFnUsВидео әлеуметтік желіден алынды

Арайлым САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега