Әлеумет

Теміртауда 300 жұмысшы еңбекақыларын ала алмай отыр

Теміртау қаласында «Арселор МитталТеміртау» компаниясы төңірегінде тағы шу шықты.

Jasalash.kz

Бұл жолы осы компанияныңмердігер компаниялары «GEBO» ЖШС, «Арсенал Стил» ЖШС, «KZ  IMPEX» ЖШСүш жүзден астам жұмыскері жалақыларын ала алмай отыр. Бұл туралы «Жас Алаш»сайтының  өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Табан ақы маңдай терлерінің өтеуін ала алмай жүргенжұмысшылардыңайтуынша,бұл мердігер ұйымдар шығынға ұшырап жабылып жатыр. Ал екі ортада жалданып жұмысжасаған жұмысшылар жалақыларын ала алмай зар қағуда.Үш мердігер компанияныңжұмысшылар алдындағы қарызы 10 млн теңгеден асып кеткен. Жалақыға жете алмағанжұмысшылар жергіліктібиліктен көмек сұрағанмен әзірге қайран жоқ.

«Кімгебарып жағдайымызды айтарымызды білмей отырмыз. Ешкім шеше алмайтын сияқтығой. Бізге фирма банкрот болды, басқасына барып жұмыс жасаңдар дейді. Ал ол фирмада қызметкерлеріне ақша бере алмай отыр ғой. Бір сөзбен айтқанда бізді алдапсоқты», -дейді мердігер ұйымның жұмыскері Ерлан ТӘҢІРБЕРГЕНОВ.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі бұл келеңсіздікке өздерініңқатысының жоқтығын айтып, мәселеге мердігер ұйымдар жауапты депмәлімдеді.Алайда биліктегілер үш жүзден асқан жұмысшылардың  жалақысыз қалуына өндіріс алпауыты«Арселор Миттал Теміртау „компаниясының тікелей ықпал етіп отырғанынайтып отыр. Аталмыш компанияның “GEBO ЖШС, „АрсеналСтил“ ЖШС, „KZ  IMPEX “ЖШСмердігерлік ұйымдары жұмыскерлеріне жалақы төлемеген.Қазіргі уақыттабиліктегілер „Арселор Миттал Теміртау“ компаниясының басшылығыменкеліссөздер жүргізуде. Компанияның мердігер ұйымдарға жасалған жұмыстарға орайқаржы аудармауы жағдайды ушықтыра түскен. „Арселор Миттал Теміртау“АҚ даулы жағдайдан кейін мердігер ұйымдарға 30 млн 800 мың теңге қаражатаударған.

«Бұлмәселе ерекше бақылауда.Аптасайын Теміртау қаласы әкімінің төрағалығымен»Арселор Миттал Теміртау"АҚ басшылығының және осы мердігер ұйымдардың қатысуымен жұмыстық топтың жиыныөткізіледі. Мұнда жұмысшылардыңжалақысын төлеу мәселесі қарастырылады. Компанияның GEBO ЖШС алдындағы қарызы 5млн 772 мың теңге.АлKZ IMPEX ЖШС — не 31 млн 215 мың теңге қаражат көлемінде «Арселор МитталТеміртау » АҚ берешек болып отыр. Осы аптада компания мердігер ұйымдарғатағы 7 млн  теңгеқаражатты аударады»,-деді «Жас Алаш»сайтына  Теміртау қаласы әкімініңорынбасары Мирас ҚҰТТЫБАЙ.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега