Тендер: Өскеменнің жолын ешкімнің жөндегісі келмейді
Шығыс Қазақстан облысындағымердігер компаниялар жыл басында жол жөндеуге қатысты жарияланған тендергеқатыспай қойған.
Енді игерілмей қалған 1 миллиард теңгеден астам ақша өзгеоблыстың жолын жамауға жұмсалатын болыпты.
Жол жөндеуші компанияныңөкілдері қатыспаған тендер мемлекеттік сатып алулар сайтына он бес лот бойыншасалынған. Жоба бойынша жасалатын барлық жолдың ұзындығы 195,9 шақырым. Әрі,облыстың әр ауданындағы республикалық маңыздағы тас жолдар. Тапсырыс беруші"ҚазАвтоЖол" Ұлттық Компаниясы акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстаноблысы бойынша филиалы.
Бақсақ, талай жылдан бері ірілі-ұсақтыталай жобаларға қатысып, тапсырысты тыңғылықты орындап жүрген едік – деген, жолжөндейтін компаниялардың базынасы бөлінген ақшада екен. Атқарылатын жұмысқа депберілетін қаражаттан қажетті материалдарға жұмсалатын шығын әлдеқайда көп – дейді.Сондықтан тапсырыс берушілер бір амалын таппаса жағдайдың әлі де қиындайтынынайтып дабыл қағуда. Тіпті, қасақана жасалып отырған әрекет пе дегенкүдіктеріміз де басым – дейді.
— Олар өз саясатын жалғастырып отыр. Ештеңені ұққылары келмейді. Қойғанбағалары нарықтағы бағаға мүлдем сәйкеспейді. Бір сөзбен айтқанда орта жәнешағын бизнесті жоюға бағытталған әрекет деуге болады. Біз осы мәселемен Нұр-Сұлтан қаласынадейін бардық. Дәлелдеуге тырыстық. Бірақ онымыздан түк шықпады. Қазір пайдатабу емес, қалай құрып кетпеуді ғана ойлаймыз. Мына бағамен асфальттың орнынатолықтай «КӨҢ» төгіп шықсақ қана кәсіпорнымызды қарызға батырмайұстап қала аламыз. Әйтпесе толықтай банкрот боламыз. Бір ғана мысал келтірейін.«Семей-Қайнар» тас жолын жөндеуге байланысты тендер бір емес, бірнешемәрте ойнатылды. Бірақ одан нәтиже шықпады. Сонымен қатар, осы Өскемен қаласынажақын маңдағы жолдарға тиесілі өткізілген тендер де өтпеді. Қатысқан адам жоқ.Өзіңіз ойлаңызшы. Кім басын қатерге тігіп, шығындалғысы келеді? Тендер өтпегенсоң, бөлінген 1 миллиард 300 миллион шамасындағы қаражатты мемлекетқайтарып алып қойды. Енді бұл жолдар жөнделе ме? – дейді, мердігер компанияның бас директоры Александр ФЕДОСОВ.
Жергілікті жердегі жол жөндеушікомпанияның өкілдері бұл мәселені бұған дейін де талай мәрте көтерген. Бұлайбола берсе шығынға шаш етектен бату былай тұрсын, тіпті банкрот болыпқалатындарын кесіп айтқан болатын. Алайда, биылғы мына жағдайға қарап, ол жанайқайларынан бір нәтиже шықпағанын аңғаруға болады.
Осылайша, қолымыз еріксізбайланып, жолымыз болмай қалды деген құрылысшылар қазір орта жөндеугебайланысты шағын жобалардан зиян шегіп жатқанын алға тартып отыр. Бұл бүгінгібелгіленген бағамен, күні ертең ірі-ірі жобалардың да ілікке алғысыз болыпқалатынына сенеді. Себебі, қажетті материалдардың кейбірі Ресей елінентасымалданады. Оған кететін қосымша шығын да бар. Ал жөндеуді қажет ететінжолдарға қатысты жұрттың айтатын сыны да көбейіп барады.
— Тіпті алысқа бармай-ақ қоялық. Мына Өскемен қаласындағы жолдардың көбі апаттыжағдайда деп айтуға болады. Сондықтаноларды мейлінше тезірек күрделі жөндеуден өткізу қажет. Тұрғындардан дәл осыжолдарға қатысты шағымдар өте көп келіп түседі. Арыз-тілектерін саралапқарасақ, жолдың сапасына ғана байланысты емес. Мүлдем жөнделмейтін жолдар жайлыкөп айтады. Орталықтағы жолдар кеңейтіліп, жылда жамалып жасқалады. Орталықтаналыстау жердегі жолдар да бар ғой. Олар неге мүлдем жөнделмейді? Қаланыңішіндегі ол жолдармен де көлік көп жүреді –дейді,ШығысҚазақсатн облыстық қоғамдық кеңес жанындағы эксперттік жұмыс тобының жетекшісі НадеждаСАФОНОВА.
Тендерге қатысты, тапсырысберуші мекеменің қызметкерлері мәселенің бәрі сметалық-жобалық құжат жасауғабайланысты екенін айтып ақталды. Қажетті материалдардың құны электронды базадаарнайы көрсетілген. Заң талаптарына сәйкес одан асырып, ақша бөле деалмайтындықтарын айтқан, "ҚазАвтоЖол" Ұлттық Компаниясыакционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысындағы филлиалының бөлім басшысы НұржанМҰСТАФИН: — Біз жобалық сметалыққұжаттарынын әзірлеген уақыт былтырғы жылдың желтоқсан айы. Ал байқау биылжарияланып отыр. Электронды базадағы жол жөндеуге қажетті материалдардың құнытоқсан сайын жаңарады. Мәселе осында. Биыл баға қымбаттап, мердігер компанияөкілдерінің наразылығы туындағаны да осы –деді.
Жақында ғана Өскемен-Семей,Семей-Қайнар және Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас бағытындағы күре жолдардажүргізілетін жұмыстарға байланысты байқау қайта жарияланған. Республикалықмаңыздағы бұл жолдардың жөнделетін жерінің бар-жоқ ұзындығы 41 шақырым. Десекте, байқау қортындысы қалай болатыны белгісіз. Ал жыл басында жарияланып, ешкімқатыспай қойған тендердегі 4 аумақтың 43 шақырым жолындағы жасалуы тиісжұмыстар мүлдем алынып қалған.
Фотолар автордікі.