Баған

«Теңізшевройлдың» «адами» бейнесі адам сияқты емес

Қытайвирус індетіАтыраудағы мұнайшыларды да әбігерге салды. «Теңізшевройл» компаниясында 71 адам коронавирус жұқтырған.

Jasalash.kz

Науқастаршамамен 1500 адаммен байланысқа түскен. Сәуірдің ортасынан бастап, 5 мамырғадейін кеніштегі бүкіл жұмысшыларды (ал олардың жалпы саны 17 мың адам) үйлерінеқайтара бастады. Оның 6000-ы Атырау, 2000-ы Ақтөбе және Батыс Қазақстан, 600-іМаңғыстау, қалған 8000-нан астамы Алматы, Түркістан және Жамбыл облысыныңтұрғындары. Оңтүстік аймақтан барған жұмысшылар Алматы қаласында карантингежабылуы тиіс.

 Соңғы аптадаАлматы аспанынан жоғалып кеткен ұшақтар қайтадан көріне бастады. ТШО-данқайтарылған жұмысшылар Қазақ ұлттық медицина университетінің жатақханаларына 14күндік карантинге жабылды. 8000-нан астам адамды ПЦР тестіден екі рет өткізуоңай болмай тұр. Лаборатория мен лаборанттардың жетіспеуінен вахташылардыңалғашқы легі әлі толық тексеріліп біткен жоқ.

 Қазақтың жерастыбайлығын тоқтаусыз және тойымсыз сорып жатқан алпауыт компания не себептііндетпен өз бетінше күресе алмады? Жұмысшыларына түскен ауыртпалықты негемемлекет мойнына іліп қойды? Статистикалық деректерге қарасақ, ТШО тәулігіне 84мың тонна мұнай өндіреді екен. Шаш етектен байлыққа кенеліп жатса да, мұнайалпауыты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен экологиялық қауіпсіздікті  жеткілікті дәрежеде түсіне қойған жоқ. Белгіліғалым, академик Муфтах Диаров Теңіз бен Қашағанда жылына 15 млн тоннадан артықмұнай өндіруге болмайды деп ескерткен еді. Бірақ ТШО 36 млн тоннаға жеткізудімеже тұтқан. Соның кесірінен ауаға тасталатын лас қалдықтар тек мұнай-газсаласында 80 пайызға жеткен. Бөлінген ұсақ қатты бөлшектер, күкірт ангидриді,көміртегі қышқылы, азот қышқылы, көміртегі тек санитарлық-тазалық аумағындағана емес, одан да алыс аумақты ластауда. 3В тобына жататын бұлардан бөлек,формальдегид, фенол, бензол сияқты улы заттардың жалпы тізімі 70-тен асады.

 Қулыққа әбденбейімделіп алған инвесторлар компанияның әлеуметтік төлемдерін өздерініңесебінен емес, Қазақстанның мұнайдан түсетін табысы есебінен аударып келеді. Яғниалпауыт компания «соқырдың өз тарысын өзіне» қуырып беріп отыр.

    ЭкологтарТШО-ның 1993 жылдан бергі қоршаған ортаға тигізген зиянын да ерінбей есептепшығарған. Мұнай компаниясы қызмет еткен 18 жылдың ішінде 620 дүркін 3В қалдығынәуеге атқан. Мұндай нәрсені тек түн жамыла іске асырады. Соның кесіріненТШО-ның ауаға жаққан алауы арқылы 170 мың тонна аса қауіпті зат ауағатасталған. Бұрын ТШО аумағындағы ауаның сапасын бақылайтын 30 станса орнатылса,нақты ақпарат бергеннен кейін көпшілігі талқандалып, өртеліп, 14 станса ғанааман қалды. Бұрын орнатылған сейсмостанса да күн сайын 2-4 баллдық техногендікжер сілкінісі туралы хабар беріп тұратын. Ол стансаны да жермен-жексен етіптастады.       Қазір Атыраудың экологтарыосы нысандарды қайтадан салып беру туралы бірнеше жылдан бері дабыл қағыпкеледі. Бірақ ТШО бұл мәселеге бас та қатырғысы келмейді.

Бір тонна мұнаймен бірге 4 келі 600 грамм зиянды заттарілесе өндіріледі екен. Мұнай өндіру көлемі артқан сайын, аумақтағы тұрғындардыңденсаулығы да жиі сыр беретін болған. Вахталық қалашыққа ең жақын орналасқанҚұлсары қаласында соңғы жылдары науқастар қатары бірден 10 есеге өсіп кеткен.

Ал вахталық қалашықта түнде ұйқыға жатқан жұмысшылардыңтаңертең өліп қалған мәйіті табылуы үйреншікті нәрсеге айнала бастады.1993-2000 жылдар аралығында ТШО-ның 64 жұмысшысы жұмыс орнында кенеттен көзжұмды. Бұл адамдардың барлығы жұмысқа тұрар алдында ешқандай кеселменауырмаған. Дәрігерлік сараптама нәтижесі марқұмдардың инфаркт, обыр және қанайналымының бұзылуынан қайтыс болғанын айғақтады. Ал 2000 жылдан бері бұлмәселе аса құпия түрде жасырылатын болды. 2000 жылдардың ортасында вахталыққалашық, Сарықамыс және Құлсары қалаларында адам ағзасына әсер ететін газқосындылары тәулігіне 8,5-12,5 шекті дәрежесін көрсеткен. ТШО-ның өндірісаумағында бұл көрсеткіш тәулігіне 40 ПДК-ға жеткен. Экологияның нашарлауынабайланысты Жылыой ауданында жаңадан туған әр 1000 сәбидің 15-і іштен түрлікемістікпен дүниеге келіп жатыр.

 Өзі нан тауып,есепсіз байып отырған өңірге түкіре қараған ТШО алпауыты коронавирус індетінежаны аши қоя ма? Экологиялық қауіп-қатердің ортасында жүріп, ТШО-ның көркеюіүшін барын берген жұмысшыларынан неге безінді? Әншейінде шетелдік бірқызметкері сәл жаралана қалса, арнайы ұшақпен Еуропаға апарып емдететін алпауытқазақ жұмысшыларына неге салқын? Вахталық қалашықтағы жұмысты тоқтатып,коронавирусты жан-жаққа таратпаудың, сол жерде оқшаулап-емдеудің жолдарын негеұсынбаған? Атырау облысының әкімдігі бұл мәселені не себепті бақылауда ұстамайотыр? Әлде жұмысшылардың денсаулығын күту ТШО үшін үлкен шығын ба? Не себепті инвестордыңмемлекетке жаны ашымайды?

Сұрақтардың жауабын ел алдында «Теңізшевройл»компаниясының басшылары ғана емес, Атырау облысының әкімі де беруі тиіс.

  Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега