Баған

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Мен Ақеркені 4-5жасынан бері білемін. Ағасымен жасы да шамалас еді.

Jasalash.kz

  Анасы Олимпианың қолынан ұстап, қыдырыпжүретіндері әлі күнге көз алдымда. Алматы әуежайына қонуға бет алған ұшақты алыстан көзі шалып қалса, екеуіде көк аспанға телміре қалатын. Әсіресе анасы қызының «самолет, самолет» депайқайлағанына таңғалатын. Осы құштарлық есейе келе бойжеткеннің ұшқыш болуынатүрткі болғандай. Алайда Ақерке өмірін түбегейлі осы салаға арнайтынынсезбепті.

– Анама ризамын. Мені кезінде ДОСААФ деп аталатынмекеменің аэроклубына оқуға берді. Бір жыл теорияны меңгердім. Содан кейінпрактикада қалай ұшақ басқаратынымыз қызық болды. Тәжірибеден  Алматы маңындағы Байсерке аэродромында өттік.Алғаш инструктормен штурвалға отырғанымда қатты қорыққанымды жасырмаймын. ЯК-52ұшағы мен үшін жайсыз секілді көрінді. Кейін ұшқанда етім үйреніп,  қорықпайтын болдым.

 Сабағы менүйірмесін қатар алып жүрген ол шын мәнінде арманын аспаннан іздеуге бел буды.Мектепті бітірген соң Азаматтық авиация академиясы жанындағы ұшқыштардаярлайтын колледжге түсті. Міне, содан бері де 15 жылдай уақыт артта қалды.Қазір Ақерке Шопатаева Ми-8 тікұшағын жүргізетін еліміздегі бірден-бір ұшқыш.

– Иә, алғашқыда бәрі түс секілді болды. Командирімізкүнделікті оқып,  көрсетіп жүргентетіктердің барлығы тікұшаққа отырғанда өзгеше көрінді. Қорқыныш болды. Жердегікөлік емес, әйтеуір, бірдеңе етіп тоқтататын. Аспанға көтерілген соң, өзіңменбірге, өзгелердің де амандығы қымбат. Алғаш рет тікұшақты басқаруым сәтті болды. Біртіндеп қорқыныш тасейілді. Қазір кәдімгі автокөлікке мінген секілді болып қалдық, – дейді Ақерке.

  Мұның барлығы айтуға ғана оңай. Бірде асауүйреткен жігіттерді көргенмін. Жылқы иесі «Ал, кім мықты? Мініңдер!» деді.«Мен» деп айқай салған адам көрмедік. Жігіттердің барлығы үнсіз. Тек жасықырыққа таяған жігіт  қана «қаны қызужігіттер табылмаса, асауға мен мінейін» деді күлімсіреп. Шын мәнінде күлкісініңар жағында қорқыныш тұрғандай көрінді маған. Жылқыға мінген қария асаудыңмойнына ілінген арқанды тарта-тарта өзіне жақындатты. Сол кезде артында отырғанәлгі жігіт асаудың үстіне қарғып мінді. Одан кейінгі қызықты сұрамаңыз. Сондадеймін-ау, жігіттердің қатты қобалжығанын алғаш рет көрдім. Ал олардың жанындаАқеркенің мінген арғымағы тіпті шу асаудың өзі емес пе?

 Ақерке Шопатаеваішкі істер министрлігіне қарасты «Казавиаспас» мекемесінде Ми-8 тікұшағының«қожайыны». «Қожайыны» деп отырғанымыз, әуе кемесі  Ақерке болмаса, «әуеге де көтерілмейтіндей»көрінеді. Төтенше жағдайда адамдарды құтқару, өрт сөндіру, тағы басқа төтеншеоқиғаларға атсалысатын мамандарды тасымалдап, әуеден барлау жұмыстарынан дақалмайтын  ұшқыш бүгінге дейін  500 сағат ұшқан. Іштей «500 сағат деген не тәйірі?» деуіңіз де мүмкін-ау.«Жол азабын жүрген білер» демекші, аспандағы әр сағаттың қадірін ұшқан кісісезеді.

– Кейде әлдебір шаруамен жолға шыққанда «әне-міне дегеншебарып келеміз» деп ойлайсың. Ал жеме-жемге келгенде жол өнбейтін, уақыт өтпейқоятын мезеттер болады. Одан қала берсе, ауа райына байланысты бағыттар даөзгеріп кетуі мүмкін. Оның барлығын ұшақта отырып картаға түсіреміз. Әуеде, еңбастысы, сақтық керек.Титтей тетікті басқанда да қателеспеуге тиіссің. Үнеміжайбарақат отыру да мүмкін емес. Алдыңдағы қаптаған экрандардан,көрсеткіштерден көз алмауың қажет. Жердің қадірін көкте жүргенде анықсезінесің.  Тиісті жерге қонғанда ғанаарқаңнан ауыр жүк түскендей болады, – деген ұшқыш таңдаған мамандығына өкініпкөрмеген.

Жолдасы Азамат та осы салада қызмет істейді. Үйдегі үшбаласы ата-анасының формамен түскен суреттеріне қатты қызыққанымен, олардыңкөлігіне отырып көрген емес. «Тікұшақты басқару ұшаққа қарағанда қиын. Барлығымеханикалық түрде басқарылады. Мәселен, Ми-8 модификацияланған», – дейдіАқерке.

  Аэроклубтанұсқаушы болған,  әйгілі«Нормандия-Неман» авиаполкінде бомбалаушы ұшақтың ұшқышы болған, Ұлы Отансоғысының   ардагері Василий Жовтыйды жиіеске алады. «Ол кісі біз үшін  аспандағыәулие еді. Қатал, жауапкершілігі мол, талапшыл ардагер біздің әрқайсымызға«Мықты ұшқыш болуларың керек. Білімсіз, жауапкершілігі жоқ адам ұшақтан аулақжүрсін» деп үйрететін» дейді. Сөйткен Ақерке ұстаздарының да, ата-анасының даүмітін ақтады.

 Авиациялықколледжде жігіттердің арасында жалғыз қыз болды. Ұстаздары оны  диспетчер болуға үгіттесе де көнбеді. Тіптіоқу бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүріп те қалды. Өйткені барлығытәжірибелі маман іздейтін. Бірде «Казавиаспас» мекемесінен күтпеген жерденшақырту алды. Осылай басталған өмір жолы оңай болған жоқ. Ол бірде Алматыоблысындағы қара жолда болған көлік апатынан жарақат алғандарды құтқаруғабарады. Бірнеше көлік металға айналып шыға келген. Адамдарды салып ауруханағабет алғанда өліп қалған анасын іздеп жылаған баланың даусы әлі күнге құлағындатұрады.

  Тағы бірде ІлеАлатауындағы қар көшкінінен бірнеша адам зардап шегеді.

Оларды құтқаруға «Казавиаспас» тікұшағы жолғашығады.  Алайда әуе көлігін қондыратынжер жоқ еді. Соған қарамастан, тікұшақтың бір дөңгелегін жартасқа тіреп тұрып,жедел іздестіру отрядының көмегімен адамдарды әуе көлігіне мінгізеді. Сондағыкомандирдің шеберлігі Ақеркенің мықты маман болуға деген сенімін күшейтті.

  АқеркеШопатаеваның әр күні қауырт шаруаға толы. Тікұшақтар туралы дерек жинап,тәжірибесін толықтыру жолында үнемі ізденіп жүреді.  Әзірге ол еліміздіңқауіпсіздігі үшін осы сала жаңа ұшақтармен толықса деп армандайды.

 Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега