Тілімізді қашанғы қорлатамыз?
«ЖасАлаш» газетіндегі (№19, 17 наурыз 2020 ж.) Қайрат Матрековтің «Мемлекеттік тіл:тоқетері айтылды.
Үкімет неге үнсіз?» атты мақаласына байланысты өз пікірімдібілдіруді жөн көрдім.
Өмір бойы аялап келген ана тіліміздің еламан, жұрт тынышта қолдану аясының шектелуі, сөйтіп, болашағының бұлдыр болуы баршажұртты алаңдатып отыр. Тәуелсіздік алғанына 28 жыл болған елімізде бір жаңа үрдістің нышаны, тілгедеген үлкен бетбұрыстың белгісібайқалатын уақыт болған жоқ па? Алайда тіл туралы мәселе оқта-тектекөтерілгенімен, бұл түйткілдің шешімікүні бүгінге дейін шешілген жоқ. Яғни өзелінде өгей баланың күйін кешкен қазақ тілі мен биліктің тілі болып төрде мейманасы тасыған орыс тіліне байланыстызапыранға толы әңгімені қайда барсаң даестисің. Қазақ тілін қанша мемлекеттіктіл деп әлпештесек те, биліктің тіліне, ұлтаралық тілге айнала алмағаны,керісінше, орыс тілінің үстемдік құрғаны барша жұртқа аян.
1991 жылдан бері қазақтілді орта екі есе өсіп, 37 пайыздан бүгінде 77 пайызға жетіпті. Ал 2025 жылы ел тұрғындарының 95 пайызы қазақ тілінмеңгереді екен. Ендеше, мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет атқаруына не кедергі?Әрине, ең басты кедергі – биліктің өзі, орыстілді шенеуніктер мен депутаттардыңеңжарлығы.
Бүгінде 130 ұлттың дені орысша сөйлейді.Балалары орыс мектебіне барады және еліміздегі саясат, экономика, бизнес орыс тілінде жүреді. Орыс тілі«ұлтаралық тіл» мәртебесінен жоғары тұр. Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне ие бола алмауы «ұлттыңөзін-өзі қор сезіну» комплексінтудырады. Қазақ өзін-өзі қорсезінбегенде қайтеді? Мемлекеттік тілде премьер-министр мен министр сөйлемесе,өзі талқылап, бекіткен заңды парламенттің өзі сыйламаса, ол қалайша дамиды, қалайшақағажу көрмейді?
Мемлекетіміздің төрткіл дүниеде танымал әрі беделді болғанынмен де қалаймын. Басшымыз әлемнің мықтыларымен кездесіп, қазақ тілінде сөйлеп жатса мен де қуанамын, мұның өзі ұлттық рухтыңкөтерілуіне, патриоттық сезімнің оянуына, мемлекетшілдіктің қалыптасуына негізболады. Алайда өз елімізде, Ақордада үстемдік етуге жарамай жатқан ана тілімізәлемнің басқа елдерінде қалай салтанат құрмақ?
Жуырда мемлекет басшысы баспасөзге берген сұхбатында:«Келешекте шын мәнінде ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс қазақ тілін жылдам дамытуымыз қажет», – деді.Алайда селт еткен ешкім жоқ. Біздің шенділер сол баяғы самарқау қалпында түк болмағандай, басқа елдің мемлекеттіктілінде шүлдірлеуін жалғастыруда. Тілдіңзарын зарлағалы қанша уақыт өтсе де, мізбақпай отыр. Бұл халық басына төніп тұрған қасірет екенін сезсе де сезгісі келмейтін, көрсе де көргісікелмейтін биліктің санасын қалай қозғалтарыңды білмейсің. Орыстілді билікбіздің ана тілімізді қалай реформалайды?
Билік «қазақ тілін, елдің мемлекеттік тілін реформалауемес, қолдану керек, ең алдымен мемлекеттікбасқару ісінде кеңінен қолдану керек» деп неге айтпайды? Тіпті билік пенхалық арасында «дәліздік» рөлатқарып, жұрттың өтініш-талабын (мәселен,тіл мәселесі) билікке жеткізіп, сол түйткілдердің шешілуіне ықпал ететін Ұлттықкеңестің жұмыс тілі қазақ емес, орыс тілі болса не істейсің, кімге мұңындышаққандайсың? Мемлекет және қоғам қайраткері, артына өшпес із қалдырған, қазақтың аяулы ұлдарының бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы кезінде былай деген еді:«Қазақ тілін дамыту үшін ең қажеттісі – әділетті қоғам құру. Билік саясатынтаза, әділ, айқын жолмен жасай бастаған кезде қазақ тілі халқымыздың арман-тілегі ретінде үлкенмақсатқа айналады да, әрі қарай еркін дами бастайды».
Тіл мәселесі түбегейлі шешілмей, еліміздің көсегесі көгермейді. ҚайратМатреков: «Мемлекеттік тіл: тоқетері айтылды. Үкімет неге үнсіз?» аттымақаласында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатынана тіліміз – қазақ тілі көш соңындақалып қоймауы үшін бізге оны жеделдетіп дамытып, еліміздегі ұлттар менұлыстарды біріктіретін ортақ тілге айналдыруымыз қажет. Сондықтан батылқимылдайтын кез туды. Атап айтқанда, Конституциямыздағы 7-баптың күшін жойып,Қазақстанды өзінің Отаны ретінде қабылдайтын барлық азаматтардың мемлекеттіктілді білуін талап етуіміз қажет», – дейді.
Бұл жаны бар пікір. Тәуелсіздік алғаннан күнібүгінге дейін жүргізіп келген өзге ұлттарды әлпештеп, өз ұлтымызды төмендетіп келген жалтақ саясаттыжүргізе беретін болсақ, түбі оңбаймыз. Сондықтан «біз көпұлтты мемлекетпіз»деген әңгімені тоқтату керек. «Қазақстанда бір ғана ұлт бар, ол – қазақ»дегенге басымдық берген жөн. Кемсітуге жол бермей, қазақ тілінің мәртебесін көтеру қажет. Қазақ тілі – ҚазақстанРеспубликасы деп аталатын тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі. Олай болса, бұл тіл осы мемлекеттің ең негізгіқолданыс құралына айналуы тиіс. Мұны шынайы халықшылдардың, ел патриоттарының,қазақ халқының тілегі деп қабылдағаныжөн. «Балық басынан шірімеуі» үшін билік басындағылардың барлық әрекетін қалтжібермей, бақылап отырған қалың жұртшылық бар. Тіл мәселесін сөз жүзінде қолданған болып, іс жүзінде жүрдім-бардымқарайтын бүгінгі биліктің көзбояушылық күйкі тірлігі – елді емес, ең алдыменөзін-өзі алдағаны. Жоғарыдағылар атадан балаға ғасырлар бойы мұра болып кележатқан ана тілімізге деген қасаң пиғылдан арыла алмаса, болашақ ұрпақкешірмейді. «Тілге құрмет – елге құрмет» деген нақыл сөздің мәнін бүгінгібиліктің түсінетін кезі келді.
МұратӨТЕБАЙҰЛЫ
Сарысуауданы
Жамбылоблысы