Төбелестен қайтыс болған жігіттің туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
Шымкенттетөбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Марқұмның туыстары «тергеу әділжүргізілмей жатыр» дейді.Олардың айтуынша, тіпті қылмыстық іс басқа бап бойынша тергеліп жатқанкөрінеді.
«Мүмкін ертерек әрекет қылғанкезде балам аман қалатын ба еді? Өтінемін сіздерден барлығы жазасыз қалмасын. Жазасыналсын», — дейді марқұмның анасы Гүлбаршын Қадырқызы.
Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше,марқұмның жақындарының құқық қорғау органдарының жұмысына да көңілді толмайды.
Марқұмның ағасы Алмас Өткіровтіңайтуынша, бұл іс жазатайым оқиға бабы бойынша бойынша қозғалып жатыр.
«XXI ғасырдажауыздықпен өлтіру және топ болып өлтіру бабы бойынша қатаң түрде жазалаудысұраймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Өзіңіз жеке қадағалауыңызға алып, солжерде төбелеске қатысқан бүкіл кінәлілердің бәрі жазалануын қалаймыз», — дедіӨткіров.