Тоғыз өңірде дабылды ескерту жарияланды
Төтенше жағдайларкомитетінің қызметкерлері қазақстандықтарды алдағы екі тәулікте республиканыңбірнеше өңірінде жарияланған дабылды ескертулерге барынша мән беруге шақырады.
Синоптиктердің ескертуіне сәйкес, жауын-шашынның болуына және кей жердежаңбырдың қатты жаууына байланысты, 18-19 мамыр күні Алматы, Түркістаноблыстарының таулы аудандарында және Алматы қаласына іргелес аймақтардаөзендерде су деңгейі көтеріледі және су тасқыны болады.
18 мамырда Ақмола облысының кейжерлерінде найзағай ойнап, дауыл болып, бұршақ жауып, секундына 15-20 метр желсоғады.
Шымкентте жаңбыр қатты жауып, күн күркіреп,бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы – 15-20 м/c.
Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр жауып, күнкүркірейді, тұман түседі, бұршақ жауады, секундына 15-20 метр жел соғады.
Қызылорда облысының көп бөлігінде жаңбыр жауып, кейжерлерде күн күркірейді, жел екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метргедейін жетеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түсіп, найзағайойнайды, желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінденайзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жауып, тұман түседі, жылдамдығы секундына15-20 метр жел соғады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында кей жердежаңбыр қатты жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел екпіні – 23 м/с.