Саясат

Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады.

Фото: Ақорда

«Ақорданың» баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы АҚШ президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған.

Жеделхатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бейілді екенін атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейде екенін және сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Президент Қазақстанның бейбітшілікті, өзара түсіністікті және тұрақты дамуды нығайтуға бағытталған бастамаларды бірлесіп ілгерілету бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Дональд Трампқа зор денсаулық, бақ-береке және Америка халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде табыс тіледі.

Сайт Әкімшілігі