Саясат

Тоқаев әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлыққа сәйкес, мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздар запасқа шығарылады. Запасқа шығару 2026 жылы наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларында өтеді.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Армияға шақыру екі кезеңде ұйымдастырылады: наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан.

Шақыру жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару органдары үйлестіреді. Үкімет пен тиісті мемлекеттік мекемелер әскерге шақырылған азаматтарды бөлімдерге уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев