Саясат

Тоқаев Дәдебайды Президент әкімшілігіндегі жұмысы үшін алғыс білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайға алғыс білдіріп, оның қызметіне жоғары баға берді.

Фото: ашық дереккөз

 Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайға шынайы алғыс айтып, оның Президент әкімшілігінің басшысы ретіндегі қызметін жоғары бағалады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ елде ауқымды саяси науқан өтетіні атап өтілді.

Осы кезеңде Мемлекет басшысының тапсырмасымен Айбек Дәдебай қоғамдық-саяси жұмыстармен айналысатын болады.

Сайт Әкімшілігі