Оқиғалар

Тоқаев граффитиге толық тыйым салуды ұсынды: вандалдарға қатаң шара қолданылмақ

Тоқаев Қазақстан қалаларында граффитиге толық тыйым салуды тапсырды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына граффити салатын адамдарға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. 

Мемлекет басшысы мұндай әрекеттерге Қазақстан қалаларында жол беруге болмайтынын атап өтті. Президент қоғамдық және муниципалдық аумақтарды бүлдіретін граффитиді вандализм мен бұзақылықтың көрінісі ретінде атап, оған толық тыйым салу үшін заңнамалық және нормативтік шаралар қабылдау қажеттігін айтты. 

Бұл тапсырма Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің елорданы көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жөніндегі есебі кезінде айтылды. Әкімнің мәліметінше, соңғы жылдары қалада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылған. Биыл жыл соңына дейін тағы 170-тен астам аула мен қоғамдық орын, соның ішінде парктер, гүлзарлар мен бульварларды ретке келтіру жоспарланған. 

Сайт Әкімшілігі