Саясат

Тоқаев Қайрат Сұнтаев пен Ерлан Оразбайды қызметтерінен босатты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Сұнтаевты Ішкі істер вице-министрі қызметінен, Ерлан Оразбайды Президент Істері Әкімшісінің орынбасары қызметінен босатты.

Фото: из открытых источников

«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Имятұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен, Ерлан Сапарұлы Оразбай Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің орынбасары қызметінен босатылды», - делінген президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл қызметтерде Қайрат Сұнтаев 2020 жылдың наурыз айынан, ал Ерлан Оразбай  2019 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді.

Т. РАУШАНҰЛЫ