Оқиғалар

Тоқаев Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге өзгерістер енгізетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Фото: Ақорда

 Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген сәрсенбі күні жарияланған хабарламада.

Заңның толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев