Қоғам

Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа кетті

Қазақстан президенті қысқа мерзімді демалысқа кетті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады, делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев қысқа мерзімді демалысын Бұқтырма су қоймасында өткізген болатын. Ал, биыл президенттің қайда демалатыны туралы айтылған жоқ.

Nurbike Beksultan
Тегтер: Тоқаев