Саясат

Тоқаев ҚМА төрағасын қабылдады

Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) төрағасы Жанат Элимановты қабылдады.

Фото: Ақорда

 Кездесуде ведомство жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы есеп тыңдалды. Мемлекет басшысы агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жанат Элимановтың баяндамасынан негізгі деректер:

  • Мал шаруашылығы: Субсидияларды тиімсіз пайдаланудың 30 миллиард теңгелік тәуекелдері анықталды.

  • Ғылым: Ғылыми зерттеулер мен нәтижелерді коммерцияландыруға бөлінген 10 миллиард теңгеден астам грант қаражатын талан-таражға салу белгілері тіркелді.

  • Медицина және құрылыс: МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) қаражатын жымқыру фактісі бойынша 14 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені жымқыру белгілері бойынша тағы 21 қылмыстық іс тергелуде.

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл:

  • 17 қаржы пирамидасы жойылды.

  • Банктер мен байланыс операторларының атынан жаппай фишингтік SMS-хабарламалар таратқан топтың қызметі тоқтатылды.

  • 3,7 мың алаяқтық сайт пен аудиториясы 25 мыңнан асатын 22 топтық чат жабылды.

Қылмыстық кірістерді заңдастырумен күрес:

  • Дроп-карталар: Жалған тұлғаларға ашылған карталарды пайдалану бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың жалпы айналымы 13 миллиард теңгеден асқан. 68 мыңнан астам осындай карта бұғатталды.

  • Жалған компаниялар: Фиктивті компаниялар мен құжаттарды пайдалану арқылы келтірілген шығын көлемі 13 миллиард теңгеге жуықтап, 23 тергеу амалдары жүргізілуде.

  • Криптовалюта: Қаржы пирамидалары мен онлайн-казинолардан түскен табысты заңдастырумен айналысқан 3 көлеңкелі криптоалмастырғыштың жұмысы тоқтатылды. Заңсыз крипто-қызметтерге апаратын 483 сілтемеге шектеу қойылды.

Сайт Әкімшілігі