Тоқаев Лукашенконы Беларусьтың Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенко Беларусьтың Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл айтулы күн – Беларусь халқының бірлігінің, ұлттық рухының беріктігі мен елдің жасампаздық және даму жолындағы нық қадамының жарқын белгісі. Қазақстанда бауырлас Беларусь халқына, оның төл мәдениеті мен бай дәстүріне зор құрмет пен ыстық ықылас танытылады», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дәйекті түрде дамып, екі елге де өзара пайда әкеліп отырғанын атап өтті.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкоға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Беларусь халқына амандық пен өркендеу тіледі.