Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мённың шақыруымен мемлекеттік сапармен Сеулге барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан президентін Сеул әуежайында Корея Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Делиде өткен БРИКС саммиті аясында АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Серджио Гормен кездескен.