Саясат

Тоқаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевті туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: gov.kz

Құттықтауында Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің қазіргі қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, елдің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Сондай-ақ құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың ел астанасын Астанаға көшіру туралы шешімінің айрықша маңызы болғаны айтылған.

– Елорданың Сарыарқаның сайын даласына көшірілуі бүкіл Қазақстанның дамуына қуатты серпін берді. Бүгінде Астана қарқынды дамып, түрленіп, әлемдегі ең көрікті қалалардың біріне айналып келеді, – делінген құттықтауда.

Қасым-Жомарт Тоқаев экс- президентке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Назарбаев