Саясат

Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында екі ел басшылары экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Зеленский Қазақстан президентіне Украинадағы жағдай жөніндегі өз көзқарасын жеткізді. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күрделі жағдайда дипломатиялық жұмысты жалғастырып, қақтығысты тоқтатудың жолдарын іздеудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы – мемлекеттер басшылары мен үкіметтері үшін халықаралық күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелерді талқылайтын алаң.

Сайт Әкімшілігі