Саясат

Тоқаев пен Путин Үндістанда бейресми кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті аясында бейресми кездесу өткізді.

Фото: из открытых источников

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Путин мемлекет басшыларына арналған ресми қабылдаудан кейін Тоқаевты Үндістандағы резиденциясына шақырған.

«Президент Тоқаевты жай ғана бейресми түрде сөйлесуге шақырды», – деді Песков.

Кездесу туралы Кремльдің ресми баспасөз қызметі әзірге ақпарат таратқан жоқ.

Сайт Әкімшілігі