Қоғам

Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы экс-министр ісіне қатысты тапсырма берді

Фото: из открытых источников

Тоқаев ішкі істер министрлігіне Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел», – деді Президент.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да құзырлы ведомстволардың басшыларымен кездесуі және кеңесу барысында айтты.

Елбасы заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Т. РАУШАНҰЛЫ