Саясат

Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Жаңа жылымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Қытай Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында екі ел арасындағы байланыстардың нығайып келе жатқанын, ал ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп жатқанын атап өтті. Президент қытай көшбасшысының серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол әлемдегі тұрақсыз ахуал жағдайында халықаралық аренадағы үйлестірілген іс-қимыл мен өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын айтты.

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге халықаралық бастамаларды жүзеге асыруда табыс, ал Қытай халқына бақ-береке мен өсіп-өркендеу тіледі.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Қытай