Қоғам

Тоқаев Түркістандағы жаңа мешітке Өзбекстан президентінің әкесінің есімін беруді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда салынған жаңа мешітке Миромон ата есімін беруді ұсынды. Бұл есім Шавкат Мирзиёевтің әкесінің құрметіне таңдалған.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бұл бастаманы Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты.

Тоқаев өз сөзінде Өзбекстан басшылығының қолдауымен Түркістанда жаңа мешіт бой көтергенін атап өтіп, бұл сый үшін ризашылығын білдірді.

Президенттің айтуынша, нысанға Миромон ата есімін беру рухани сабақтастықтың және бауырлас халықтар арасындағы байланыстың белгісі болмақ.

Сайт Әкімшілігі