Саясат

Тоқаев Украина мен Ресей туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International басылымына берген сұхбатында Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты пікір білдірді.

Фото: Акорда

Сұхбат барысында журналист қақтығыстың ұзаққа созылып кеткенін атап өтіп, Президенттен өзін араағайын ретінде көре ме деген сауал қойған.

«Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз», - деді Тоқаев.
Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев