Әлеумет

Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына және жарақат алуына байланысты Делси Родригеске көңіл айтты.

– Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – делінген жеделхатта.

 

Айта кетейік, Венесуэлада 24 маусым күні кешке Каракастан шамамен 160 шақырым батыста магнитудасы 7,2 болатын күшті жер сілкінісі тіркелді. Бір минутқа жетпей магнитудасы 7,5 болатын екінші жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, бұл – Венесуэлада 1900 жылдан бері тіркелген ең күшті жер сілкінісі.

Қазір қаза тапқандар саны 235 адамға жеткені хабарланды.  Табиғи апат салдарынан жүздеген адам қаза тауып, 1500 адам жарақат алды, мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды.

Сайт Әкімшілігі