Қоғам

Тоқаевтың кітабы «Кітап оқитын ұлт» марафонының тізіміне енді

«Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында қатысушылар 2027 жылдың наурызына дейін 15 кітап оқып, әр шығарма бойынша өз пікірін жазуы керек.

Фото: әлеуметтік желіден

Байқау қорытындысында үздік қатысушыларға 600 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы қарастырылған.

Марафонға мектеп оқушылары мен мұғалімдер, колледж және жоғары оқу орнының студенттері, отбасы мүшелері, зиялы қауым өкілдері және мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Мемлекеттік қызметшілерге ұсынылған шығармалар тізіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы сөз» («Слово об отце») кітабы да енгізілген. 

Бұл шығармада Президент әкесі, белгілі жазушы әрі қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушылардың бірі Кемел Тоқаев туралы естеліктерімен бөліседі. Кітапта оның әкесінің балалық шағы, майдандағы жастық кезеңі және шығармашылық жолы баяндалады.

Сайт Әкімшілігі