Саясат

Тоқаев Австрия президентін Ұлттық күнімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Австрияның федералдық президенті Александр Ван дер Белленге елдің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы құттықтауында Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Австрия президентіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал Австрия халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Республика күніне орай құттықтау жолдаған шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты.

"Қазақстанның Республика күніне орай шынайы құттықтаулары мен жылы лебіздерін жолдаған барлық мемлекет және үкімет басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Елімізге деген ізгі ниеттеріңізді егемен Қазақстан халқы ризашылықпен қабыл алды", – деп жазды президент X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Тоқаев