Саясат

Тоқаев екі жауапты хатшыны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшыларын қызметінен босатты — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақордаға сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«Мемлекет басшысының өкімдерімен: Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен;

Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», — делінген хабарламада.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега