Тоқаев: Күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мақтааралдағы су тасқыны жайлы да сөз етті.
Президент күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын айтты.
«Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету басты назарда. Біз ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылдаймыз. Жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынады. Зардап шеккен әрбір адамға 100 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді. Мал шығыны, тасқынның ауыл шаруашылығы алқаптарына тигізген зияны өтеледі. Жалпы, зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Оларға жәрдем береміз», — деді ол.
Тоқаев бұған қоса су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын созған азаматтарға алғысын айтты.