Саясат

Тоқаев мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Тоқаев мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Фото Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша республикада сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 45,46 пайызы дауыс берген.

Сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында тіркелген.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға партиялық тізім бойынша елде тіркелген жеті саяси партия қатысуда. Сонымен қатар бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған кандидаттар да депутаттық мандатқа таласып жатыр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бір депутаттық мандатқа орта есеппен үш кандидат үміткер. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: сайлау