Саясат

Тоқаев: Митингіге шыққандар әлеуметтік талап қойған

Қазақстанпрезиденті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Euronews арнасына берген сұхбатында елденаразылыққа шыққандар негізінен әлеуметтік мәселе бойынша талап қойғанын айтты.

Jasalash.kz

"Қазірнаразылыққа шыққандардың талаптарын зерттеп жатырмыз. Бұл негізінен әлеуметтікталаптар. Ондай мәселе барын жоққа шығармаймын. Халық кедейленді. Бұл үкіметтенәлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді талап етеді. Билік оларды естіді. Ендіжұмыс істейміз", — деді Қ.Тоқаев.

Тоқаев билік митингілеркезінде кездейсоқ ұсталғандардан кешірім сұрап, жақын арада қамауданбосататынын мәлімдеді.

Euronews тілшісінің«Сайлау әділ өтпеді деп ұсталғандар ше? Оларды қайтесіз?» дегенсұрағына Тоқаев былай деді: "Әрине, олар да босатылады. Бірақ сайлау әділөтпеді деген – олардың жеке пікірі. Менің ойымша, сайлау әділ өтті".

Қ.Тоқаев заңсызмитингілерге алдағы уақытта да жол берілмейтінін кесіп айтты. «Баспрокуратура мұндай митингілер заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Рұқсатетілмеген митингілер мен тәртіпсіздік митингіге қатысқысы келмейтін жұртқакедергі келтіреді», — деді ол.

9 маусым күні басқала мен Алматыда наразылыққа шыққандар әділ сайлау өткізуді талап етті. 10маусымда сайлау қорытындысымен келіспегендер тағы да наразылыққа шықты. 12маусым күні екі қалада сайлау нәтижесіне қарсы наразылық шеруі өтеді делінген.Бірақ екі қалада да қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, шеру өтпек болған орынғаполицейлер шебі қойылды.

Бас прокуратураныңмәліметінше, 9-10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда ұсталған 957 адам әкімшілікжауапқа тартылды.

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега