Саясат

Тоқаев пен Путин бір-бірін құттықтады

<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"=""> Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Jasalash.kz
 <p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Қазақстан Президенті аталған датаның фашизмге қарсы иық тіресіп соғысқан бұрынғы Кеңес Одағының барлық халқы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, екі елдің ардагерлеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Ресей Президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, жүрекжарды сәлемін жолдады.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Тараптар коронавирус пандемиясына қарсы күрес мәселесін талқылау кезінде екі елдің осы бағытта тығыз ықпалдастық орнатқанын айтты.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Владимир Путин Қазақстан Үкіметінің індетке қарсы күрес жөніндегі шешімдері мен іс-қимылдарын Ресей тарапы мұқият бақылап отырғанын жеткізді. Осы ретте Ресей Президенті елімізде жүргізіліп жатқан халыққа, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету шараларын жоғары бағалап, барлық іс-әрекеттің дер кезінде қабылданып, тиімді жүзеге асқанын атап өтті.<p style=«vertical-align:baseline;font-family:» font-size:16px;color:#333333;background-color:#ffffff;"="">Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы уақытта өтетін отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега