Саясат

Тоқаев Президент әкімшілігіндегі бөлім басшысын қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Айдар Жарылғанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

Фото Ақорда

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айдар Жарылғанов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

1999 жылы "Семей" мемлекеттік университетін, ал 2001 жылы "Әділет" жоғары құқық мектебін тәмамдаған.

2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінде және Қаржы министрлігінің Салық комитетінде еңбек еткен.

2007 жылдан 2019 жылдың сәуіріне дейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп, Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сарапшысы, консультанты, инспекторы және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2019 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қаңтарына дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.

2023 жылғы 6 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Сайт Әкімшілігі