Тоқаев: «Путинге құрметпен қараймын»
Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзінің ресейлік әріптесі Владимир ПУТИНГЕ шынайы құрметпен қарайтынын айтты деп хабарлайды Жас АЛАШ сайты “Россия" телеканалының Вестинедели бағдарламасына сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Ресей арнасындағы «Вести Недели» бағдарламасына берген сұхбатында Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен қалай танысқанын айтып берді.
«Біз Владимир Владимирович Путинмен Киевте таныстық. Мен Кучманың президент болып тағайындалуына (Леонид Кучма — Украинаның екінші президенті. – ред.) барған болатынмын. Ал, Владимир Владимирович Путин ол кезде енді ғана премьер-министр, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы болып тағайындалып жатқан еді», — деді Қазақстанның уақытша президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украин президентін ұлықтау рәсімі кезінде Путинмен бірнеше минут сөйлесу мүмкіндігі бұйырғанын жеткізді.
«Сол кездің өзінде оның (Владимир Путин) болмысы маған үлкен әсер қалдырған. Ал келесіде біз Кремльде, Владимир Путин Ресей Федерациясының президенті қызметіне тағайындалғанда кездестік. Содан бері біздің байланыстарымыз үзілмеді », — деді Тоқаев.
Қазақстан Президентінің пікірінше, мемлекетаралық қатынастар қазірдің өзінде жақсы болғанына қарамастан, жеке қарым-қатынастың маңызы зор.
«Менің ойымша, Ресей басшылығымен, ең әуелі әрине, мен шынайы құрметпен қарайтын Владимир Путинмен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігім болады деп ойлаймын”
Айта кету керек, Тоқаев уақытша президент болып тағайындалғаннан кейін алғашқы сапарын Ресей Ресей Федерациясынан бастады. Бұл сапар 3-4 сәуірде өтті. Тоқаев өзінің алғашқы ресми сапарының терең символдық мәні бар екенін және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ерекше мәртебесін атап өтті.Фото: baribar.kz