Саясат

Тоқаев Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» Ақордаға сілтеме жасап.

Jasalash.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді», — делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы ертең, 16 мамыр күні Кремльде өтетіні айтылады.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега