Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді", – делінген Ақорда хабарламасында.
Жұмыс сапары барысында мемлекет басшысы Теміртау қаласындағы бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысанның қызметімен танысады.
Сонымен қатар президентке өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен алдағы даму перспективалары туралы баяндалады.