Саясат

Тоқаев: Қазақстанда АҚШ-тың әскери базасының пайда болуы туралы мәселе күн тәртібіне қойылған емес

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тыңәскери базасының пайда болуы туралы мәселе күн тәртібінеқойылған емес, деп мәлімдеді.

Jasalash.kz

ҚазақстандаАҚШ-тың әскери базасын салу туралы мәселе бізде талқыланған емес және күнтәртібінде тұрған да жоқ, — деді Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Президент Қазақстан мен АҚШ арасындағыынтымақтастық энергетика, инвестиция, технология сияқты стратегиялық салалардажақсы дамып, ол өз жемісін беруде екенін айтты.

Бізқарусыздану және ядролық қаруды таратпау туралы мәселелер бойынша үнемібайланысып отырамыз, — деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Тоқаев Қазақстан бұған дейінАҚШ-тың биологиялық қауіпсіздік бойынша сарапшыларымен ынтымақтастықта болғанынайтты. 2016 жылдың қыркүйегінде Алматыда Орталық референс- зертхана ашылды,кейбір мәліметтер бойынша, оның құрылысына АҚШ үкіметі 130 миллион доллар жұмсаған.

Бүгіндерікелісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты америкалық ғалымдар Алматыдағыбиологиялық зертхананы тастап, елдеріне оралды. Онда біздің бюджетіміз бойыншатек қазақстандық мамандар жұмыс істейді, — деді Мемлекет басшысы.

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер Қазақстан үшінөзекті болып қала бермек. Сондықтан Тоқаев осы бағытта Қазақстанның ресейлікмамандармен барынша ашық ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді.

Бір апта бұрын Қазақстан Президенті Үкіметке биологиялыққауіпсіздік туралы Заң әзірлеуді тапсырған болатын.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега