Әлеумет

Тоқаев: Қазақстанда шеруге рұқсат берілетін болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Euronews-кеберген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсатберетін заң қабылданатынын айтты.

Jasalash.kz

Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізугеболатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті.Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне «шығынкелтірмеген» шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингігешыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтты. 

«Саяси мақсатым — жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелердішешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізугедөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыранатмосферада емес, осылай шешіледі», — деді мемлекет басшысы

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілергешығуға мүмкіндік жасайтын заң қабылданатынын айтты. 

«Әрине, заңсыз болғанның бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі осындаймитингілердің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті, себебі олар оған қатысқысыкелмейтін халыққа кедергі жасайды.Сондықтан, жаңа заң қабылданады, ендідемонстрацияға шығып, өз пікірін білдіргісі келген халық тиісті органғажүгінеді, оларға өз пікірін білдіру үшін арнайы жер беріледі», — деді президент. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Фото: vlast.kz

 

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега