Саясат

Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы"Ақорда" сайтындажарияланды.

Jasalash.kz

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні –Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңашылдық пенжасампаз рухтың жаршысы. Осы күндері Жер-ана қайта түлеп, тіршілік атаулы түгелжанданады.

Тағылымы мол бұл мереке – жаңарумен жаңғырудың, адам мен табиғат арасындағы үндестіктің, келісім мен татулықтыңалтын арқауы.

Халқымыз қашанда жыл басын ізгіниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.

Ұлыстың ұлы күнінде ұрпақтарсабақтастығы, достық қарым-қатынастар мен қонақжайлық салты дәріптеледі.Сондай-ақ, тереңнен тамыр тартатын құндылықтарымыз, үлкенге құрмет, кішіге ізеткөрсету дәстүрі ерекше салтанат құрады.

Наурыз – ұлтына, дінінеқарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымыздыбереке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біз әрдайым қиын сәттебір-бірімізге қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайынбыз.

Өкінішке қарай, биыл Наурызмейрамы әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Пандемияға айналған коронавирустыңкеңінен таралуы жаһандық экономикамен қатар біздің елімізге де айтарлықтайзардабын тигізуде. Бүкіл әлем күрделі сынақты бастан өткеруде.

Осыған орай, менің Жарлығыммен2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдайенгізілді. Мемлекеттік комиссия құрылып, азаматтарымыздың денсаулығын қорғаужәне еліміздегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін нақты шаралар қолғаалынды.

Біз ырыс-ынтымағымыздың арқасындабұл қиын-қыстау кезеңнен де сүрінбей өтеміз деп сенемін.

Сіздерге зор денсаулық,бақ-береке және толайым табыс тілеймін!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пенқуаныш әкелсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега