Тоқаев: Ресей мен Беларусь одағына кіру біздің жоспарымызда жоқ
ҚазақстанПрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев республикамыздың Ресей Федерациясы мен Беларусьелінің одағы құрамына ену туралы жоспары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Жас Алаш» "Комсомольская правдаға"сілтеме жасап.
Ресей мен Беларуссияның одағына кірубіздің жоспарымызда жоқ. Басты басымдық — бұл ұйым шеңберіндегі интеграцияныодан әрі дамыту, — деді ол.
Соныменбірге, Мемлекет басшысы Қазақстанүшін ЕАЭО-ның аясындағы экономикалық одақретіндегі әлеуетін нығайту әлдеқайда маңыздырақ екенін атап өтті.
2025 жылға қарай ортақ энергетикалықжәне қаржылық нарықтар қалыптасады. Мұнда цифрлы бағыттағы өзара іс-қимыл перспективалықбағыт болып табылады, — дейді Президент.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт ТоқаевҚазақстан азаматтары үшін Ресей — «ең жақын мемлекет және болашақта дасолай болып қала береді» деп атап өтті.