Саясат

Тоқаев сегіз лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының бұйрығымен сегіз адам қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Jasalash.kz

Жауапты хатшылар институтының таратылуына байланысты мемлекет басшысының өкімімен:

Жанат Мұратұлы Қожахметов – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Марат Әбілахатұлы Оразаев – Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;

Қанат Маратұлы Сәрсембаев – Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;

Аида Дәденқызы Құрманғалиева – Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;

Айдын Жұмабекұлы Ашуев – Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;

Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров – Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;

Арман Дайырұлы Жұмабеков – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;

Талғат Амангелдіұлы Момышев – Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерінен босатылды. l

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега