Саясат

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар беруді тапсырды

Қазақстан Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар береді.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Jasalash.kz

«Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега