Саясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар тағайындау жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізді, — деп хабарлайды Жас Алаш Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Jasalash.kz

"Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды;

Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", — делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімі бойынша Нұрғали Білісбеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Без Тега