Саясат

Тоқаев ҰҚК басшылығымен кеңес өткізіп, комитетті реформалауды тапсырды

Тоқаев ҰҚК басшылығымен кеңес өткізіп, комитетті реформалауды тапсырды

Фото Ақорда

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен кеңес өткізіп, ведомствоның жаңа төрағасы Марат Ірменовке бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығымен кеңес өткізді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев комитеттің жаңа төрағасы Марат Ірменовті таныстырып, оның алдына бірқатар міндет қойды", – делінген хабарламада.

Президент ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау, оларға жүктелген міндеттерді орындау тәсілдерін қайта қарау және жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін айтты.

Бұдан бөлек, Тоқаев кадрларды іріктеу жүйесін жетілдіруді, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, оның орнына Марат Ірменов тағайындалған болатын.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: ҰҚК Тоқаев