Тоқаев жедел жиын өткізді
Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевеліміздегі экономикалық ахуал жөнінде кеңес өткізді, — депхабарлайды Ақорда сайты.
Бүгін Қазақстан ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің және Мемлекет басшысына тікелей бағыныштыоргандардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Онда әлемдегіқаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөніндемәселелер талқыланды.
Президент Үкіметке, Ұлттықбанкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.Басты тапсырма — мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінтолық көлемде орындау.
Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырмасы бойынша, Премьер-Министрдің тікелей басшылығымен Шұғыл әрекет етуштабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірікәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспардайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесінаса маңызды деп санайды. Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалықбюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді. Мемлекет басшысы бюджетшығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталықнарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті бюджеттердіоңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.