Сараптама

Тоқаевқа аз дауыс берген Нұр-Сұлтанның әкімі қызметінен кетті

Қасым-ЖомартТоқаевқа Қазақстан аймақтары бойынша аз дауыс берген Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауысты.

Jasalash.kz

Президенттің жарлығымен Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанқаласының әкімі болып тағайындалды. Ал қызметінен түсіп қалған бас қаланың бұрынғы әкімі БақытСұлтановтың әзірге қайда баратыны белгісіз.

Орталық сайлаукомиссиясының мәліметіне қарағанда, Қ.Тоқаев ең аз дауысты Маңғыстау облысы (55,52%)мен Нұр-Сұлтан қаласынан (59,19%)  жинаған. Қалған аймақтар Тоқаевқа 70 пайызғажуық немесе одан асырып дауыс берген. Халқы сайлауға ең аз қатысқан, биліккеқарсы акциялары жиі өтетін Алматының өзінде Тоқаев 66,73 пайыз дауыс жинаған.

Тоқаевтың 2011жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін жарасы жазылмай жатқан Маңғыстаудан аз дауысжинауы анау айтқандай жаңалық емес. Басқа-басқа, бірақ Тоқаевтың ел астанасы — Нұр-Сұлтанда аз дауыс жинауының жөні бөлек. Неге десеңіз, астананың негігітұрғындары — бюджет қызметкерлері, мемлекеттік мекеме мен ұлттық компаниялардыңжұмысшылары, кезінде биліктің бас қаланы асыра мақтаған сөздеріне сеніп, басқалаға еліміздің түкпір-түкпірінен арман қуып көшіп келгендер.  Демек,  үмітіақталмай қалған осы жұрт биліктің сөзімен ісінен айнып болған. Негізінен бюджет және мемлекеттік мекеме жұмысшылары тұратын бас қала халқының соңғы кездері билікке қарсынаразылыққа жиі шығып, Назарбаевтың ізбасарына аз дауыс бергені де содан.  

Назарбаевтың саясатын жалғастырушы Тоқаевқа аз дауысжинаған Нұр-Сұлтанның бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов та осы себепті қызметіненалынған тәрізді.

Қуаныш Қаппас
Тегтер: Без Тега