Қоғам

Торғай өзенінде су деңгейі көтерілді

Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты 80 адамды эвакуациялады.

Фото: из открытых источников

Облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың басшылығымен құтқарушылар эвакуациялық жұмыстарды аяқтағаны айтылды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағында құтқарушылар Мамыр ауылынан Ырғыз ауданына 80 адамды, оның ішінде 53 баланы эвакуациялады. Эвакуацияланған тұрғындар Ырғыз ауданындағы орта мектепке жеткізілді, делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Торғай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ырғыз ауданының аумағында Мамыр елді мекенін су басу қаупі туындады. 

Nurbike Beksultan
Тегтер: Ақтөбе