Төтенше жағдайда көкпар мен құдалық жасағандар жазаланды (видео)
Төтеншежағдай кезінде Жамбыл облысында көкпар мен құдалық өткізгендер жазаланды.
Белгіліболғандай, 29 наурызда Талапты ауылының 46 жасар тұрғыны өз үйіне қонақтардықұдалыққа шақырған. Осыған орай оған 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұлсалынды.
Ал,27 наурыз күні Нұрлыкент ауылының 37 жасар тұрғыны алтыншы ұлының туған күнінеорай көкпар ұйымдастырған. Құқық бұзушы жеті тәулікке қамауға алынды.
Бұғандейін «Коронавирус, кет» әнімен беташар ТЖ кезінде ұйымдастырғанТараз қаласының тұрғыны қамауға алынды.
Полицияқызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде ескертунемесе айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауқарастырылатынын айтып отыр.