Оқиғалар

Төтенше жағдайлар департаменті: Алматыда сейсмикалық жағдай тұрақты

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері қала аумағында жер сілкіністері болмайтынын хабарлады.

Фото: KazTAG

Ведомства ақпаратынша, қазір қалада сейсмикалық жағдай тұрақты.

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында күшті жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді. Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады. 4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды, делінген хабарламада. 

Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады.

 

Фото: KazTAG

Т. РАУШАНҰЛЫ